Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астана қаласының әкімі Нұрбек Оралбайға Land Rover Defender көлігін сыйлады

20:06, 21 тамыз 2024 376
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайға көлік, ал оның жаттықтырушысына арнайы қаржылай сыйлық берді. Жүлдегердің сыйлық алғаны туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды  Alash.KZ ұлттық порталы. 

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Париж олимпиадасының жүлдегеріне қымбат көлік кілтін сыйлады. Ал Нұрбек Оралбайдың жеке бапкері Асқар Еркебаевқа қаржылай сыйлық берілді:
Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбаймен және оның жаттықтырушысы Асқар Еркебаевпен кездестім.
 
Нұрбек Оралбай еліміздің әрі қаламыздың атынан сынға түсті! Оның бұл жетістігінің артында мыңдаған сағаттық жаттығулар, сол сияқты отбасының, жаттықтырушысының және туыстарының қолдауы мен өзіне деген сенімі жатыр!
 
Демеушілер есебінен Нұрбек Оралбайға Land Rover Defender автокөлігінің кілті, ал жаттықтырушысына 10 млн теңгенің сертификаты табыс етілді. Спортшыларымызға биік-биік шыңдарды бағындыруын тілеймін! - деді Астана қаласының әкімі. 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?