Марапат иесіне жоғары награда оның отандық ғылымды өркендетуге, жас ғалымдарды тәрбиелеуге және білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған көпжылдық еңбегі үшін табысталды. Асқар Жұмаділдаев – іргелі математикалық зерттеулерімен танылған, халықаралық ғылыми қауымдастықта мойындалған ғалым.

Ол ұзақ жылдар бойы жоғары оқу орындарында дәріс оқып, ғылыми кадрлар даярлауға атсалысып келеді. Сонымен қатар, қоғамда ғылымды насихаттау, жастардың зияткерлік әлеуетін арттыру бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жүр.

«Еңбек ардагері» медалі – ел дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтарға берілетін құрметті мемлекеттік наградалардың бірі.