Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әскерін қысқартады»: Америка Пентагоны әлем күтпеген жоспарын таныстырады

13:21, 31 мамыр 2026

Америка Пентагоны маусым айында НАТО-ға Еуропадағы әскери контингентін қысқарту жоспарын ұсынады, деп жазады Alash.kz.

АҚШ билігі Еуропа аймағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына қатысу үлесін жоспарланған мерзімнен бұрын азайтуды көздеп отыр. Күштерді бөлу мәселесіне арналған НАТО-ның маусым айындағы конференциясында Вашингтон әскер мен әскери техниканы қысқартуға қатысты нақты ұсыныстарын таныстырмақ. АҚШ Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды өкілі еуропалық одақтастар өз аймағын қорғау жауапкершілігін мүмкіндігінше жедел әрі тиімді түрде өз мойнына алуы тиіс екенін мәлімдеді.

Бұған дейін БАҚ беттерінде Вашингтонның Еуропадағы әскери ұшақтарының санын үштен бірге азайту мүмкіндігі сөз болған еді. Румынияның Галац қаласына жасалған дрон соққысынан кейін еуропалықтардың Украинадағы соғыс, Мәскеудің қоқан-лоқысы және Дональд Трамптың НАТО-ға деген дұшпандық ұстанымы салдарынан үрей үстінде отырғаны айтылуда. Осы ретте Оксфорд университетінің тарихшысы Тимоти Гартон Эш Еуропаны Ресеймен текетіреске дайын болуға шақырып:

 «Президент Дональд Трамптың қолдаудан бас тартуы Украина қорғанысын қиындатқанымен, оны мүлдем тоқтатып тастаған жоқ. Енді біз еуропалық әскер өз күшімен Ресей шабуылына сенімді төтеп бере алатындай балама стратегияны тез арада әзірлеуіміз керек», – деп атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар