Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әскери операция талқыланды: Трамп әкімшілігінің құпия былығын журналист жайып салды

14:27, 25 наурыз 2025 1007

The Atlantic бас редакторы Джеффри Голдберг АҚШ президенті әкімшілігінің құпия чатына қалай қосылғанын айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

The Atlantic бас редакторы Джеффри Голдберг АҚШ президенті әкімшілігінің Signalмессенджеріндегі чатына қосылуға шақырту алғанын мәлімдеді.

Ол жерде Йемендегі хуситтерге жасалатын әуе соққылары талқыланған, деп хабарлайды The Atlantic.

Голдбергтің айтуынша, 11 наурызда оған АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Уолц чатқа қосылу туралы сұраныс жіберген.

Журналист бұл шақыртуды Ақ үй өкілдерімен жеке сөйлесудің мүмкіндігі деп қабылдап, топқа кірген.

Чатта 18 адам болған, олардың қатарында АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс, мемлекеттік хатшы Марко Рубио, Пентагон басшысы Пит Хегсет, арнайы өкіл Стив Уиткофф және басқа да шенеуніктер бар.

Қатысушылар құпия ақпаратпен бөлісіп, Йемендегі хуситтерге жасалатын соққыларды үйлестіруге тырысқан. Голдбергтің айтуынша, чат барысында Вэнс: “Менің ойымша, біз қателік жіберіп жатырмыз”, – деп мәлімдеген. Ол Суэц каналы арқылы Еуропаның сауда көлемінің шамамен 40%-ы өтетінін, сондықтан бұл шешімді қоғам дұрыс қабылдамауы мүмкін екенін атап өткен. Сонымен қатар, вице-президент Трамптың шешімі “Еуропаға қатысты қазіргі саяси ұстанымға сәйкес келе ме?” деген күмән білдірген.

Кейінірек Пентагон басшысы Пит Хегсет алдағы шабуылдардың егжей-тегжейін жариялап, Йемендегі нысаналардың координаттары мен қолданылатын қару түрлерін көрсеткен. Біраз уақыттан кейін хуситтердің позициялары шынымен атқыланған. Чат қатысушылары бір-бірін сәтті операциямен құттықтаған.

Голдберг бұл топтан өз еркімен шығып, барлық шенеуніктерге ресми сұраныс жіберген. АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің баспасөз хатшысы Брайан Хьюз бұл чаттағы хат алмасу фактісін растады.

Алайда АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет журналисттің айыптауларын жоққа шығарды: “Ешкім әскери жоспарлар туралы мәтіндік хабарламалар жіберген жоқ, мен бұл туралы тек осыны айта аламын”, – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар