Аягөзде тағы бір сарбаз мерт болды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Анықталған ақпарат бойынша, Аягөздегі әскери бөлімшеде сарбаз жарақат алып, көз жұмған.
Қорғаныс министрлігі өкілдері, әскери қызметшінің өліміне оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп деп отыр.
Қазір аталған факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.