Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әскерде тағы бір қызметкер өз-өзін атып жіберді

09:19, 05 қыркүйек 2024 479

Әскери қызметші қару-жарақ қолдану ережесін сақтамаған. Салдарынан оқ жарақатын алған. Бұл туралы ҚР Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

«2024 жылғы 2 қыркүйекте Сарыөзек гарнизонындағы 12740 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі қару-жарақты қолдану ережесін бұзу салдарынан оң қолынан жарақат алды. Әскери қызметші Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханаға жатқызылып, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді», – делінген хабарламада.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – дейді құрлық әскерінен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар