Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әскерде ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтар Түркиядан оралды

09:43, 28 қаңтар 2025 365

Әскерде жұмбақ жағдайда басы жарылып, төсек тартып қалған Ербаян Мұхтар Түркиядан Қазақстанға қайтты, деп хабарлайды Alash.kz Azattyq радиосына сілтеме жасап. 

Ербаянның Стамбұлдағы емі бойынша бірінші кезең аяқталды, енді ол алдағы екі-үш ай елде болмақ. Бұл туралы 27 қаңтарда оның заңды өкілі Инга Иманбай хабарлады.

 "Ербаянның басына жасалған отадан кейін толыққанды реабилитация бастау үшін оның ағзасы біраз уақыт демалуы керек екен. Көктемде ол Түркияға қайта ұшып, екінші кезең – реабилитацияны бастайды. Жуырда Ербаянның ата-анасы бірінші кезеңдегі емге кеткен қаржы бойынша есеп береді" деді ол желідегі парақшасында.

Ербаян Мұхтарды ата-анасы былтыр қыркүйекте Түркияға емдетуге алып кеткен еді. Инга Иманбайдың мәліметінше, Стамбұлда Ербаянның басына ота жасалып, инфекциядан толық арылған, бұдан бөлек, салмақ қосып, роботтың көмегімен қимылдай бастаған, өзі аздап тамақ ішетін жағдайға келген.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар