Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әскерде аямай соққы жеген Ербаянды емдеуге өз елінің қауһары жетпейді. Ербаян Еуропаға аттанбақ

13:46, 17 қыркүйек 2024 497

Әскерде таяқ жеп, бірнеше ай бойы комада жатқан Ербаян Мұхтарды емдеуге Еуропаға алып кетеді, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

"Жинап берген ақшаға емдетіп, баламның орнынан тұрғанын қалаймын. Үкіметтен де көмек сұрап, Ақмарал Әлназаровамен (денсаулық сақтау министрі) кездестік. Уәде берді, сол уәдесінде тұрса деймін", – дейді Ербаянның анасы Гүлсім Қамиева. 

Ербаянның ата-анасына министр Әлназарова Еуропаға тасымалдау жағын қарастырып беремін деп уәде айтқан.

"Германияның клиникаларымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Ең мықты деген екі-үш клиника Ербаянды қабылдаймыз деп отыр. Халық жинап берген қаржының жартысы ұшақпен жеткізуге кетейін деп тұр. Мемлекет тарапынан жеткізу жағына көмек болмаса, қаржы тапшылығына байланысты емді аяғына дейін ала алмаймыз", - дейді Ербаянның әкесі. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар