Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Аш отырса үйде бола алмаймын. Бәрін кешірдім: Ақбота Керімбекова сәтсіз аяқталған неке туралы тың мәліметін айтты

10:39, 29 сәуір 2025 1595

Танымал әнші Ақбота Керімбекова өзінің сәтсіз некелері туралы алғаш рет сұхбат берді, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Ол бұл туралы Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында айтты.

«Ер-азаматқа өзінің міндетіңді атқар деп мүмкіндік бермедім бе? Мен әлсіз болып иілуім керек пе еді? Иілгенде де ер-азаматқа тізгінді беруім керек еді. Әйелміз ғой, аш отырса мен үйде отыра алмаймын, өзіміз жыбырлап істеп кетеміз. Кішкентайымнан өз тірлігімді өзім істеп, үйреніп қалған адаммын. Бәлкім сол кезде еркелеп отыра беру керек пе еді? Ақшаны қай жақтан болса да тап деп. Біз егемендік алып, арпалыс кезеңінде бойжеттік қой? Саудамен айналасып кеттік дегендей, осыған да шүкір, тәубә деймін. Ешкімге өкпем жоқ, аман болсын, бақытты болсын деймін. Өсіп-өнсін, Алладан тілеймін. Алладан қорыққаннан кейін, ешкімге ештеңе дей алмаймын. Ең жақсы адам кешірімді адам дейді ғой, бәрін кешірдім», — деді әнші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар