Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Аса қатыгездікпен кісі өлтіру»: Нұрай Серікбайдың қазасына қатысты жаңа дерек мәлім болды

19:46, 04 ақпан 2026

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша айып ауырлатылып, «аса қатыгездікпен кісі өлтіру» бабына қайта сараланды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Марқұмның ағасы Сұлтан Серікбайдың хабарлауынша, бұл өзгеріс күдіктіге 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімді немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға мүмкіндік береді.

Бұған дейін тергеу амалдары санкциясы небәрі 8-ден 15 жылға дейін болатын «адам өлтіру» бабының 1-бөлігі бойынша жүргізіліп келген болатын. Алайда марқұмның туыстарының наразылығы мен мәселенің әлеуметтік маңыздылығына байланысты, негізгі іске қосымша «Некеге мәжбүрлеу» және «Сталкинг» фактілері бойынша да істер қосылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар