Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Арыстанбек Мұхамедиұлы мемлекеттен алған алпауыт жер нысандарын кері қайтарып жатыр

12:04, 05 қыркүйек 2024 842

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы  мүлкін мемлекетке қайтарып жатыр, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті. 

Азаттық рухы порталының мәліметіне сүйенсек, прокурорлар 4,8 млрд теңгеден астам сомаға мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы талапқа бастамашы болған. Сот әзірге бір талапты ғана қанағаттандырған.

«Мәселен, 2019 жылы бұрынғы мәдениет министрі Мұхамедиұлымен үлестес жеке компания 332 млн теңгеге Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін сатып алған. Алматы қаласында орналасқан кәсіпорын сатылғанға дейін 662 млн теңгеге бағаланған. Бірақ, бұндай нысанның нарықтағы құны 1,213 млрд теңге», - деп хабарлайды Бас прокуратура.

Алматы қаласының прокуратурасы кәсіпорынды сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы талап қойған.

«Сонымен қатар, Астана және Алматы қалаларында бұрынғы Мәдениет министрі Мұхамедиұлымен байланысты компанияларға 3,5 млрд теңгеден астам сомаға сатылған тағы үш объектіні мемлекет меншігіне қайтару туралы талап сотта талқыланып жатыр. Бұл іс бойынша Ұлытау облысының прокуратурасы Қарағанды мемлекеттік мүлік департаменті басшыларының бірін сотқа берген», - деп жазады прокуратура.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар