Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Аруағын қорлауға жол бермейміз!»: 19 жасар Мадинаның өліміне қатысты белгілі блогер өткір мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

15:40, 04 қыркүйек 2026

Жамбыл облысында көз жұмған 19 жастағы Мадина Рашидқызының өліміне қатысты қоғам белсендісі Жан Ахмадиев әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Ахмадиев Марқұмның аруағын қорлауға жол бермейтінін қатал түрде ескертті.

«Мадиярды қорғағыларың келсе — қорғаңдар. Бірақ ол үшін өмірден өткен Мадинаны қаралаудың қажеті жоқ! Ол енді өзіне жауап бере алмайды. Шындықты тергеу мен сараптама анықтасын. Ал Мадинаның аруағын қорлауға жол бермейміз!», - деп жазды ол.

Айта кетейік, Өзбекстан азаматы болған Мадина Меркі ауданында шамамен екі жыл тұрып, Қазақстан азаматына тұрмысқа шыққан. Марқұмның артында сегіз айлық сәбиі қалды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде жас келіннің құрбысына жазған хат-хабарлары тараған еді. Онда ол күйеуімен жиі жанжалдасатынын, оның өзіне қол көтергенін және соңғы рет отбасылық келіспеушіліктің «Барни» тәттісіне байланысты шыққанын жазған. Осыдан кейін ол жеке заттарын жинап, күйеуінен кетіп, ажырасқысы келетінін жеткізген.

Оқиғаға байланысты Жамбыл облысының полициясы «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Алайда марқұмның туыстары оның өліміне күмән келтіріп, істің барлық мән-жайын жан-жақты тексеруді талап етіп отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар