Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Артық жүктемеден босатылады”: Аймағамбетов ұстаздарды қуантатын жаңалығын бөлісті

11:40, 17 ақпан 2026

Асхат Аймағамбетов желідегі парақшасында ұстаздарды қуантатын жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Педагогтерді рилс түсіруге мәжбүрлеуден, түнде және жұмыс уақытынан тыс уақытта WhatsApp-та жауап беруге міндеттеуден, есепті электронды және қағаз жүзінде қайталап тапсырудан қорғау үшін арнайы заң жобасын әзірледік. 

Енді заң жобасын жұмысқа қабылдаймыз. Келесі аптадан бастап жұмыс тобында талқылауды бастаймыз. Бұл – өте маңызды мәселе.

Ұстаздар артық міндетпен емес, сапалы білім мен сананы тәрбиемен айналысуы тиіс”,- деп жазды Мәжіліс депутаты Threads желісіндегі парақшасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар