Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Арнайы Алқа мәжілісіне қаралатын болады»: Жамбыл облысындағы сарбаз өліміне қатысты құзырлы органдар мәлімдеме жасады

09:41, 28 қаңтар 2026

Жамбыл облысында әскери қызметшінің қазасына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Қайғылы оқиға 27 қаңтар күні қаруды ұстау кезінде орын алған ауыр жарақаттан болған. Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары істі өз бақылауына алды.

Қазіргі уақытта жағдайды жан-жақты зерттеу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және ІІМ Әскери-тергеу департаментінің басшысы оқиға орнына барып, тексеру жүргізуде. Тергеу барысын Бас Прокурор жеке бақылауында ұстап отыр.

Бас прокуратура таратқан ресми хабарламада: «Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау, мерзімді қызметті өткеру қауіпсіздігі мәселелері жақын арада Бас прокуратураның арнайы Алқа мәжілісінде қаралатын болады», - деп көрсетілген.

Сонымен қатар, еліміздегі барлық әскери бөлімдерде тәртіп пен қауіпсіздік талаптарының сақталуына қатысты жаппай тексеру жүргізу тапсырылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар