Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Армения - Қазақстан: Ұлттық құрама футболшылары жолдастық кездесуде қарсыластарымен тең түсті

09:35, 07 маусым 2026

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Армениямен өткен жолдастық кездесуде тең түсті, деп хабарлайды Alash.kz.

Қазақстан футбол құрамасы Еревандағы Вазген Саргсян атындағы Республикалық стадионда ұйымдастырылған жолдастық матчта Армения командасымен тең тарқасты. Тартысты өткен ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен қорытындыланды.

Тартысты кездесудің екінші таймында есепті алғашқы болып қонақтар ашты. Матчтың 50-минутында қазақстандық шабуылшы Максим Самородов шебер дриблингпен бірнеше қорғаушыны артта қалдырып, қарсылас айып алаңының ішінен қақпаны дәл көздеді. Алайда алаң иелері бұл голға тез арада жауап қатты. Араға небәрі үш минут салып, Армения құрамасының капитаны әрі жартылай қорғаушысы Эдуард Сперцян мергендік танытып, таразы басын теңестіріп кетті.

Қазақстан құрамасы бұл оқу-жаттығу жиыны аясындағы келесі сырт алаңдағы матчын 9 маусымда Венгрияға қарсы өткізеді. Дебрецен қаласында жоспарланған бұл жолдастық кездесу Астана уақытымен түнгі сағат 22:00-де басталады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар