«МузАРТ» тобының мүшесі, белгілі әнші Сәкен Майғазиев туған жерінде ашық аспан астында тегін концерт беріп, көптен бергі арманының орындалғанын хабарлады, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі туған өлкесіне арнап ауқымды музыкалық кеш ұйымдастырып, бұл күнді ұзақ уақыт бойы асыға күткенін жеткізді. Ол концерттің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан барша азаматтарға, өнердегі әріптестері мен жақын достарына риясыз ризашылығын білдірді. Сонымен қатар әнші шараның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, алаң мен сахнаны дайындауға қолдау көрсеткен Созақ ауданының әкімі Мұхит Сексенбайұлына ерекше алғысын айтты.
Сәкен Майғазиев: «Туған еліме, жерлестеріме ашық аспан астында тегін концерт ұсынуды армандап жүр ем, сол күнге де жеттік, АЛЛАға шүкір. Пейілі далалай дархан жерлестеріме, мені қолдап келген достарым, сахналастарыма және қауіпсіздікпен қамтамасыз етіп, алаң мен сахна дайындап, қолдау білдірген Созақ ауданының әкімі Мұхит Сексенбайұлы мырзаға мың алғыс білдіремін. Бәріңізді құшақтадым», – деп ағынан жарылды.