Айсұлу Айданқызы қоғамнан араша сұрамақ, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Айсұлу Айданқызы өз үндеуінде көпшіліктен қолдау күтіп, мәселесіне назар аударғанын сұрап отыр. Өзінің айтқан сөзі қоғамда үлкен резонанс тудырады деп сенеді әрі істің толық мән-жайын анықтауға қолдау қажет екенін айтады.
- Осы видеоны таратып, мәселенің жарыққа шығуына көмектесіңіздер, – дейді ол.
Сонымен қатар Руслан Өтепбайға берген сұхбатында:
"Абылайды өз пәтерімізден көрдім. Екі қолы арқасына байланған, Аяғы жерде тұр, мойнынан аспалы шамға байлап, сүйеп қойған. Ол асылып тұрған жоқ, аяғы жерге тиіп тұр. Қолы арқасына айқастырылып байланып тұр. Қолды артқа байлап, өз өзіне қол салу мүмкін емес. Басында "кісі өлтіру" деп тіркелген еді. Кейіннен біреулердің пайдасы үшін ауыстырылды. Қазір тергеушілер қылмыскерлерді табудың орнына менімен күресіп, олардың шашбауын көтеріп жүр", - деді Айсұлу Айданқызы.