Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Арыздар легі тоқтар емес»: Депутат «Назарбаев дәуірінің» өкілі болған Даниал Ахметовтің Семей мен Өскеменге тигізген зардабын айтып, былықтарын ашты

15:25, 05 маусым 2024 914

Депутат Абзал Құспан "Ескі Қазақстанның ескірмейтін жыры" жайлы баяндап, бұрынғы Шығыс Қазақстан облысының әкімі болған Даниал Ахметовтің күмәнді, қаржы игерудегі орынсыз әрекетін айтып, сынға алды. Сонымен қатар, қазақстандықтар тарапынан Даниал Ахметовтің атына ұдайы арыз түсетінін мәлімдеп, тиісті құжаттарды құқық қорғау органдарына өз талдауыммен қоса жолдайтын хабарлады, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Бір кездері жалғанды жалпағынан басып, Елбасының сенімді адамы атанғандардың жыры әлі талай жылға азық болатын түрі бар. Соның бірі, жоқ бірегейі – Даниял Ахметовке қатысты арыздар легі тоқтар емес. Сол көп шағым ішінен біреуіне ғана тоқталайын, Даниял Ахметов әкім боп тұрған кезде Өскемен және Семей қаласы көшелерін жарықтандыруға деп ЕБРР (Европа қайта құру және даму банкі) арқылы 3, 6 млрд, оған қосымша бюджет тарапынан 1, 2 млрд, барлығы 4, 8 млрд бөлінген екен. Бұл жобаны ДА тарапынан жеке лобби жасалғанына дәлел ретінде, оның әкім боп тұрғанда ЕБРР-дың Лондондағы офисіне келіссөз жүргізуге өзі барғанын айтады шағым иелері. Бірақ мәселе онда да емес, мәселе сол миллиардтаған қаражатқа қойдырған шамдардың басым бөлігінің жанып кеткендігінде және кепіл уақыты ішінде ауыстырылмауында. Нәтижесінде, Өскемен мен Семейде көше жарығы жоқ, алайда ол жағдай екі облыстың бюджетін ЕБРР алдындағы қарыз міндеттемелерінен босатпайды,- деді депутат.

Сонымен қатар, Абзал Құспан өз қолынат түскен құжаттармен таныстырды. Күмәнді келісімге қатысқан ШҚО әкімдігі ашқан «Региональный центр ГЧП ВКО» АҚ,және Тайваньда тіркелген «Everlight Electronics Co. LTD» компанияларын атады.


Ұршықта айналған жіпті шетінен тарқататыны сияқты, тексеруді әкімдік жанынан құрылған мекемеден бастаса біраз дүниенің басы ашылары анық. Осыған байланысты, Шығыс Қазақстандық ағайындардан түскен арыз бен өзім тарапынан қосымша сұратып алынған құжаттарды, тиісті құқық қорғау органдарына өз талдауыммен қоса жолдайтын боламын, - деді депутат. 

Орайы келгенде айта кетейік, Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысын 9 жылға жуық басқарды. Еліміздегі бірнеше облысқа 4 рет әкім болды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар