Продюсер Гүлзира Айдардекова оқырмандарына ренішін білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.
Продюсер ТикТок желісіне трендті қайталаған видеосын жүктеген болатын. Оқырмандары видео астына түрлі пікірлер жазып кеткен.
Тіпті, бір оқырманы “Одан да салауат айтыңдар” деген де коментарий жазып кеткен. Оған ашуланған Гүлзира Айдарбекова мардымды жауап қайтарды.
“Одан сізге келер пайда болса, күніне саусақ нүктелерін басып тұрып 100 рет айтып ұйықтаймыз. Бірақ әр адам өзі үшін айтады емес пе?! Негізі неге бұлай жасамайсыңдар деп біреу үшін ақыл айтатындар өте ақымақ адам дер едім. Мысалы, сізді айтар едім! Уайымдамаңыз күнәмізді сіз көтермейсіз, өзіңіз үшін бәрін оқыңыз пайдасы зор, бірақ ешкімге мақтанбаңыз, бәрі тек өзіңіз үшін болсын”, – деп жауап жазды продюсер.
Көтеріңкі көңіл күйдің ағзаға пайдасын да айта кетті.
“Жәй көңілдеріңізді көтеріп қояйық деп жасадық. Ұнамаса қарамаңыз, өкпелемейміз. Адам қанша қартайып жатса да, жүрек жас болып тұратынын сезінеміз. Солай қабылдасаңыздар ұзақ жасайсыздар!”, – деді медиа маманы.