Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбеде мас полицей ерлі-зайыптыларды көлікпен қағып өлтірді

09:23, 26 шілде 2024 585

Ақтөбе облысында 34 жастағы полиция қызметкері мас күйінде көлік айдап, ерлі-зайыптыларды қағып өлтірді деп хабарлайды Alash.KZ Ақтөбе облысының полиция департаментінің ақпаратына сілтеме жасап.

Дереккөзге сүйенсек, полиция қызметкері тойдан кейін мас күйінде көлік тізгініне отырған. Рульге ие бола алмаған ол 25 және 26 жастағы екі адамды қағып кеткен. Өкінішке қарай, ерлі-зайыптылар қаза тапты.

Полиция қызметкері әуел баста оқиға орнынан қашып кетіп, артынан өзі берілген деген ақпарат бар.

Қазір жол апатына кінәлі адам қамалып, оның тікелей басшысы болған бірнеше адам жұмысынан қуылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар