Ақтөбеде төрт күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі маңайдағы Елек өзеннен табылды, деп хабарлайды, Alash.KZ ұлттық порталы.
Бойында аутизмі бар Кәрім Жетіру 4 маусым күні сағат шамамен 17:00-де ауладан шығып, белгісіз жаққа кетіп қалғаны хабарланған еді. Өкінерлігі, баланың денесі Елек өзенінен өзеннен табылды.
Кәрім Жетірудің денесі Елек өзенінен, Юрта мейрамханасының маңынан табылды. Полиция, еріктілер және бей-жай қарамайтын азаматтар жоғалған баланы іздеуге қатысты. Полиция тергеу жүргізіп, қажетті сараптамалар тағайындады. Полиция департаменті туыстары мен жақындарына көңіл айтады, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.Ерекше баланы іздеуге 500-ден аса адам жұмылдырылды. Кешелі-бері ТЖМ-нің тікұшағы әуеден бақылау жасады.