Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбеде жоғалып кеткен 55 жастағы әйелдің денесі табылды. Не болған?

15 маусым 2024 147

Ақтөбеде  9 маусымнан бері іздеуде болған 55 жастағы  әйелдің денесі қаланың сыртынан табылды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс орталығын дүр сілкіндірген ақтөбелік тұрғынның өліміне қатысты деректерді облыстық полиция департаменті бөлісті.

Әйел көлігін сату үшін көлік базарына шығып, жоғалып кеткен. Туыстары полицияға хабарласып, іздеу салған.

Осы өтініш бойынша жеке құрам дереу хабардар етіліп, қылмыс белгілерінің болуына байланысты Қылмыстық кодекстің 99 және 192-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Полицейлер күдіктіні ұстады. Оның гаражынан ұрланған көлік табылды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тәртіп сақшылары қала сыртынан зорлықпен өлтірілген әйелдің денесін тапты.

Іс бойынша сараптамалар тағайындалды, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеуді полиция департаменті бастығы бақылауға алды, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?