Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбеде жоғалған ерекше баланы табу үшін тікұшақ әуеге көтерілді

09:44, 08 маусым 2024 402

Ақтөбеде жоғалған 13 жастағы бала әлі табылмай жатыр. Оны іздеу үшін Қазавиақұтқару тікұшағы әуеге көтерілді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Естеріңізде болса, бала 4 маусым күні Ақтөбе қаласындағы Заречный-1 тұрғын алабында орналасқан үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Жоғалған Кәрім Жетіру есім-cойлы бала әлі табылмай жатыр. Полицияның оны судан да, өзен бойындағы ағаш арасынан да, көпір астынан да іздегені айтылды. Қалаға фотосын іліп, ақпаратын таратты.

- Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жоғалған жеткіншекті әуеден барлай отырып іздеуді бастады. Ақтөбе облыстық ТЖД гарнизонынан құтқарушылар, Кинология қызметі іздеу жұмысына жұмылдырылған, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде баланы іздеуге 500-ге жуық адам жұмылдырылды. Оның ішінде полиция, еріктілер бар.

- Қызметтік иттер және 40 бірлік техника, 3 квадроцикл, 2 қайық, 4 атты полиция, ұшу аппараттары пайдаланылып жатыр. Полицияға жүгінген сәттен бастап үйлердің шатырлары мен аулалары, кәріз құдықтары, шұңқырлар, дала, оның ішінде орман алқаптары тексерілді. Сонымен қатар, бағдарлауды көрсете отырып, қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер мен сауда орталықтары тексеріліп жатыр, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар