Ақтөбеде ер адам тұрғын үйдің кіреберісінде қаңғыбас итті пышақтап тастаған, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Massaget.kz - ке сілтеме жасап.
Оқиға 10 шілдеде Рысқұлов көшесінде болған.
Еріктілер полиция қансырап жатқан итті бір сағат бойы өздеріне бермегенін айтып отыр.
"Бізге Қарлығаш деген қыз хабарласып, Рысқұлов көшесінде иттің қан-жоса болып жатқанын айтты, бірақ ол тірі екен. Біз жеттік, ондағы баспалдақтың бәрі қан! Ол жерде полиция қызметкерлері жүрді, көмек сұраған қыз да болды. Итті кескілеп тастаған алған пәтеріне қамалып алған. Біз итті алып кеткіміз келді, бірақ полиция тергеу жүріп жатқанда оны бермейтінін айтты. Ит көп қан жоғалтты емес пе, оған шұғыл көмек қажет еді", - деді ерікті Людмила.