Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбеде «Димаш арена» кешені салынады

15:51, 26 шілде 2024 764
Әзірге Қазақстанда әншілердің атауында ешқандай спорттық нысан жоқ. Ал Ақтөбеде Димаш Құдайбергеннің құрметіне арена салынады, деп хабарлайды Alash.KZ.
 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 12 маусымдағы No 461 қаулысымен Ақтөбе қаласының бас жоспары жаңа редакциясы дайындалды.

Соның ішінде ерекше айта кететіні, қала үшін бірнеше маңызды нысандар салынады.

Мысалы, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің құрметіне «Димаш Арена», шетелдік туристерді қызықтыратын этномәдени саябақ, фольклор ауылы, «Астана Арена» сияқты олимпиадалық стадион, тағы басқа салынуы мүмкін, деп жазды 1bol.kz.

Айта кетейік, әзірге Қазақстанда әншілердің атауында ешқандай спорттық нысан жоқ. Ақтөбедегі спорт кешені алғашқысы болмақ. Бірақ әзірге бұл аренаның сыйымдылығы қандай болатыны әзірге белгісіз.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар