Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбеде «бочча»паралимпиадалық спорт түрінен инклюзивті турнир өтті

19:36, 24 қыркүйек 2024 336

Бүгін Ақтөбе қаласында Қазақстан бочча Федерациясы теннис орталығында «бочча»паралимпиадалық спорт түрінен инклюзивті турнир өткізді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Іс-шара инклюзивті қоғамды дамытуға және ерекше қажеттілігі бар жас спортшылар арасында белсенді өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Турнирге 30 қатысушы, оның ішінде мүгедектігі бар балалар мен ересектер, сондай-ақ үкіметтік емес және коммерциялық ұйымдардың өкілдері, студенттер қатысты. Шараның басты мақсаты – бұл ойын түрін танымал ету ғана емес, сондай-ақ қоғамдағы инклюзивтілік пен теңдікті нығайту, диалог пен өзара әрекеттесу алаңын құру.

Ақтөбе облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Шыңғыс Айбекұлы Шоқпутов ізгі тілектрін білдіріп, биыл мүгедектігі бар спортшыларға арналған спорт клубында «бочча» бөлімі ашылатынын, сондай-ақ Қазақстандық бочча Федерациясымен бірге боччистердің кәсіби дайындығын күшейтетінін атап өтті.


Қазақстан Бочча федерациясының
демеушісі «ERG Komek» корпоративтік қорының қолдауымен Ақтөбе облысындағы ерекше қажеттілігі барспортшыларға арналған спорт клубына бочча доптарының екі жиынтығы және бочча ойнауға арналған арнайы рампа берілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар