Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, Мәскеу ауданындағы 1905 көшесінде белгісіз біреу адамдарды қорада кепілдікте ұстап отыр, деп хабарлайды Alash.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Желіде полиция мен арнайы қызметтің видеосы жарияланды. Ақпаратқа Ақтөбе облысының полиция департаменті түсініктеме берді.
102 пультіне белгісіз біреудің жеке үйге басып кіріп, қыз баланы кепілге алғаны туралы хабарлама түскен.
«Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі жедел жетіп, аумақ қоршауға алынды. Полиция департаментінің басшысы мен қала прокуроры оқиға орнында, келіссөздер жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады облыстық полиция.