Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбеде алдымен әйелін өлтіріп, содан кейін өзі асылып қалған адамның бұрынғы өмірі туралы шындық жарияланды

11:42, 22 қараша 2025 285
 

Ақтөбе қаласының сыртынан өлі күйінде табылған ерлі-зайыптылардың бұрын өте тату, үлгілі отбасы болғанын көршілері айтып отыр. Қайғылы жағдайға қызғаныш себеп болуы мүмкін деген болжам бар, деп жазады Alash.KZ.

Ақтөбедегі 41-разъезд ауданында орналасқан отбасының зәулім коттеджіне жақындары мен таныстары келіп, көңіл айтып жатыр. Туыстары пікір білдіруден бас тартты. Суық хабарды ести сала ер адамның әкесі талып, анасы ауыр халге түскені айтылды.

Бейресми дерекке сәйкес, қайғылы оқиғаға қызғаныш түрткі болуы мүмкін. Сол күні ерлі-зайыптылар үйден бірге шыққан.

Көршілердің сөзінше, олар көпбалалы, тәртіпті, ешкіммен арасы бұзылмаған өнегелі отбасы болған.

«Бұл жақта бұрыннан тұрады. Бұрын жамандықтарын естіген емеспіз. Тату-тәтті болатын. Үлгілі отбасы еді. 15-16 жыл бірге тұрады. Балаларының кішісі бір жастан асқан, үлкендері мектепте оқиды», – дейді көршісі. 
Ерлі-зайыптылардың мектепте де үлгілі ата-ана болғаны айтылды. Мектеп директорының айтуынша, балалардың атасы мектепке жиі келіп, немерелерін сабаққа апарып, үйірмелерге жеткізіп жүрген. Балалар сабақтан қалмайды, өте белсенді. Қайғылы жағдай бүкіл мектеп ұжымын есеңгіреткен.
«Бұл — көпбалалы, үлкен әулет. Бес баласы бар. Төрт бала біздің мектепте оқиды – 10, 6, 4 және 2-сыныптарда. Үлгерімі өте жақсы, сабақты үздік оқиды. Өте тәрбиелі, мәдениетті балалар. Ата-аналары да өнегелі, үнемі жиналыстарға қатысып отырады. Кеше әлеуметтік желіден олардың іздестіріліп жатқанын көрдік. Өзіміз де алаңдап, тілеулес болдық. Мектепке ешқашан шағымданбаған, балалары да тәртіп бұзған емес. Не себеп болғанын түсіне алмай отырмыз», – деді Ақтөбе орта мектебінің директоры Ғазиз Қаламов orda-ға берген сұхбатында. 

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жалғасуда. Бұған дейін ерлі-зайыптылардың денесі қала маңынан табылғаны хабарланған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар