Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбеде әйел екі баласын өлтірді деген күдікке ілікті

10:29, 24 наурыз 2025
 

Қылмыстық оқиға Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында тіркелді, деп жазады Alash.KZ.

Ақтөбеде екі баланың денесі табылды. Қазір олардың анасы ұсталып, қамалды.

 Полиция екі баланың мерт болғанын анықтады.

– Олардың өліміне күдікті ретінде анасы, Атырау облысының тұрғыны ұсталды. Әйел босанғаннан кейін күйзелісте болған. Қылмыстық іс қозғалып, әйел уақытша тергеу изоляторына қамалды. Тергеу полиция бастығының бақылауында, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Балалар 3 жаста және 11 айлық болған. Әйелдің Атыраудан Қандыағашқа қонаққа келгені белгілі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар