Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбе тұрғыны қызды зорлап, кейін жетінші қабаттан лақтырып жіберген

13:31, 20 сәуір 2024 771

Ақтөбе тұрғынының қызды зорлап, кейін оны жетінші қабаттан лақтырып жібергені хабарланды, деп жазады Alash.KZ ұлттық порталы.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өткен жылы жазда болған жантүршігерлік оқиғаға қатысты тың мәлімет айтты.  Сараптама қорытындысына сәйкес, күдікке ілінген азамат қызды зорлаған, кейін  жетінші қабаттағы балконнан итеріп жіберген. 

Сонымен қатар, сот өкілдері 2023 жыл, 8 маусымында күдіктінің Ақтөбе қаласындағы пәтерінде алкогольдік масаң күйде болғанын, жәбірленушіге күш қолданып, оны зорлағанын анықтады.Кейіннен жәбір көрген қызды өлтіру жайын ойланған.

"Жәбірленуші екі қолымен балконның ағаш жақтауына ілініп, құлап қалмауға тырысты, алайда сотталушы өзінің қылмыстық ниетін соңына дейін жеткізу үшін жәбірленушінің екі қолының артқы бетіне доғал затпен соққы бере бастады. Алынған соққылардан кейін жәбірленуші жетінші қабат биіктігінен құлады", делінген Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өкініштісі, жәбірленуші азамат қылмыс орнында жан тапсырады.

"Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, кәулардың, сарапшылардың жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен, алу хаттамаларымен және заттай дәлелдемелермен расталды".

Соттың үкімімен сотталушы А. кінәлі деп танылды. Қылмыстық құқық бұзғаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Соқымен қатар, сотталушыдан жәбірленушілерге 10 000 000 теңге моралдық зиян өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар