Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбе облысында Қорғаныс министрлігінің тікұшағы құлап, сарбаз қаза тапты

13:50, 09 қараша 2024 366

Ақтөбе облысы, Сарыжар ауылының маңында Қорғаныс министрлігі, Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде құлады, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы.

“Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 23 адам мен 5 техника жіберілді. Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушылары өртті жойды. МИ-8 тікұшағының бортында 3 адам болған. Олардың біреуі қайтыс болды”, - делінген ведомство хабарламасында.

Зардап шеккен екі адам Ақтөбе қаласына ҚР ҚМ ЯК-40 ВОСВОД ұшағымен жеткізілді. 

“Биылғы жылғы 9 қарашада Ақтөбе облысы, Сарыжар ауылының маңында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде апатты жағдайда қонды. Бортта болған 3 экипаж мүшесінің 2-еуі ауруханаға жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді”, делінген ресми хабарламада.

Бір өкінерлігі, экипаж мүшелерінің бірі қаза тапты.

“Авиациялық оқиғаның алдын-ала себебі – техникалық ақаулық. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жергілікті жерде ведомствоаралық жедел топ жұмысқа кірісті. Қарулы күштердің басшылығы мен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады”, деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.

Марқұмның туыстарына, сондай-ақ зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетілетіні хабарланды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар