Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбе облысындағы ауруханалар қайтыс болғандардың атынан мол пайда таппақ болған

10:26, 07 тамыз 2024 677

Ақтөбе облысындағы ауруханалардың медициналық қызмет көрсетілген науқастар тізіміне марқұмдарды да қосып қойған. Бұл туралы Alash.KZ ұлттық порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алға ауданындағы аурухана басшылары былтыр шілдеде қайтыс болған тұрғындарды үш ай ішінде құжат жүзінде тірілер қатарына қосып қойған. Марқұм өз аяғымен келіп, медициналық тексеруден өтті деп көрсеткен.

Оған қоса есепте тұрған 74 науқасқа тиісті медициналық тексеру жүргізілмеген. Жүрек, қан қысымы дертімен ауыратын 36 науқасқа тегін берілетін дәрі-дәрмек берілмепті. Ақыры құқық қорғаушылардың тексеруінен соң ғана емделу мен тексеруден қағылғандар қайта есепке тұрып, тиісті медициналық көмекті алған.

"Аллергиясы барын айттым": Алматы облысында 49 жастағы әйел ауруханаға өз аяғымен барып, көз жұмды

"Ақтөбе облысы прокуратурасының араласуынан кейін ғана заңбұзушылықтар жойылып, жүзден астам адам қажетті дәрі-дәрмекпен және қызметпен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар қайтыс болғандарға медициналық қызмет көрсету фактілері анықталды. Көрсетілген медициналық қызметтер санын асыра бағалау мақсатында бұл деректер базасына енгізілді”, – дейді Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Өркен Ещанов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар