Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандарды түрінен тану мүмкін болмады - криминалист

21:26, 05 қаңтар 2025 875

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті жедел криминалистика барқармасының криминалисі Айбек Әлібаев ұшақ апатынан қаза тапқандардың мүрдесін таныту тобында жұмыс істеген. Ол 38 адамның мүрдесін туыстарына таныту оңай болмағанын айтады. Бұл туралы Kazinform хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

 - Қаза тапқан 38 адамның туыстары әр елден еліп, таныту жұмыстары жүргізілді. Түрлерінен анықтау мүмкін болмады. Сондықтан туыстарынан сұрай отырып, денелеріндегі ерекше белгілермен іздей бастадық. Меңіне, тыртығына, татуировкасына және алтын тісіне қарап таныды. Туыстарына да өте ауыр болды. Тану кезінде жүрегі шыдамағандарға біздің медицина мамандарымыз көмек көрсетті. Енді апат болмасын, - дейді криминалист Айбек Әлібаев.


Облыстық Полиция департаменті жедел криминалистика барқармасының криминалисі Айбек Әлібаев Президент Жарлығымен Бауыржан Момышұлы атындағы екінші дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар