4 ақпанда еліміздің Көлік министрлігі Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты 53 беттен тұратын есепті жариялады, деп жазады Alash.KZ.
Ресейдің Әуе көлігі федералдық агенттігі Қазақстанның "оқиғаның себептері туралы қорытындыны қамтымағанын" айтты.
"Алдын ала есепте ұшақтың сыртқы әсерлерден зақымданғаны расталғаны. Дегенмен қорытындыда ұшақ ішінде нақты қандай бөгде заттардың анықталғаны туралы ақпарат жоқ. Сонымен қатар экипаж ресейлік диспетчерлер ұсынған балама аэродромдар – Махачкала және Минеральные Воды әуежайларын пайдаланбады. Бұл олардың ұшақты қабылдауға техникалық дайындығына қарамастан орын алды. Сондай-ақ ұшаққа құс кіріп, оттегі баллонының жарылғанын Embraer өзі хабарлады", - деді Ресей тарапты.
Агенттік ұшқыштардың Ақтауды өз бетінше таңдағанын айтты.