Ақтаулық тұрғын «Оймаша» оқу полигоны маңына саңырауқұлақ теруге шығып, оқ-дәрі тауып алған. Ол бұл туралы бірден әскери қызметкерлерге хабар берген. Оқиға 9 сәуір күні болды, деп жазады Alash.KZ.
Осы оқиға бойынша Ақтау гарнизоны ресми жауап берді. Баспасөз қызметінің хабарлауынша Ақтау қаласындағы әскери полигонға іргелес аумақта жергілікті тұрғындар жарылмай қалған снаряд болуы мүмкін күдікті затты анықтаған.
— Оқиға орнына Қарулы Күштердің инженерлік-саперлік тобы жедел түрде жіберілді. Мамандар аумақты тексеріп, табылған затты оқшаулау және қауіпсіз жою бойынша бірқатар қажетті шараны жүзеге асырды. Жағдай бақылауда. Халық үшін қауіп жоқ, — делінген хабарламада.