Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтауда пластикалық ота жасатқан депутаттың өліміне қатысты тың дерек шықты

10:42, 03 маусым 2026

Маңғыстау облысында марқұм болған Мәслихат депутаты Ербол Айтуовқа ота жасамақ болған «Қасиет» клиникасынан бірқатар өрескел кемшіліктер анықталды. Бұл туралы өңірлік фармацевтиканы бақылау комитеті департаменті мәлімдеді, деп жазады Alash.kz.

Марқұмның туыстарының өтініші негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексеріске тәуелсіз пластикалық хирург, анестезиолог және реаниматолог сынды мамандар тартылған. Сараптама қорытындысы медициналық көмек көрсету стандарттарының сақталмағанын көрсетіпті.

Департамент басшысының айтуынша, тексеріс барысында клиниканың анестезиология және реанимация бейіні бойынша медициналық талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған. Сондай-ақ марқұмды ота үстеліне жатқызып, наркоз салар алдында оның лабораториялық талдау анализдеріндегі ауытқу ескерілмеген. Яғни марқұм бұрын қант диабеті және артериалды гипертензия дертімен есепте тұрған. Тексеру кезінде пластикалық хирургия клиникасында арнайы жансақтау бөлімінің жоқ екені, сонымен бірге лицензия ережелерінің бұзылу дерегі де анықталды. Аталған заңбұзушылықтарға байланысты клиникаға әкімшілік хаттама толтырылған. Қазір тексеру қорытындыларына құқықтық баға беру үшін облыстық полиция департаменті мен прокуратураға жолданды.

Нұрсұлу Аманбекқызы, МО медицина және фармацевтиканы бақылау комитеті департаментінің басшысы:

— Науқас жоспарлы хирургиялық отаға өзінің денсаулығына сәйкес, әлі дайын еместігі талдауларда көрсетіліп тұрған. Тексеріс барысында науқастың алдын ала тапсырылған барлық талдау анализі бар. Талдау анализдерінде бұл науқастың ағзасында денсаулығына сәйкес ауытқулар бар. Демек бұл науқастың жағдайын жақсартып барып, бейімді мамандарға көрсетіліп, анализдерінің бәрі жақсарғаннан кейін ғана стандартқа сәйкес, жоспарлы отаға алынады. Жалпы негізінде солай болуға тиіс.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар