Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ақшаның қайда кеткенін сұрап едім, мені балағаттады". Түркістанда ақша жинауды тапсырған имам жұмыстан шығарылды

11:20, 09 қазан 2025 149

Шардара ауданының бас имамы Марат Асанов қызметінен босатылды. Бұл шешім әлеуметтік желіде «Қонар ата» мешітінің азаншысы Жүніс Сартаевтың видеоүндеуі жарияланғаннан кейін қабылданды. Азаншының айтуынша, имам мешіт қызметкерлерінен жамағаттан коммуналдық қызметтерді төлеу үшін ақша жинауды талап еткен, деп хабарлайды  Alash.kz  порталы.

Ulysmedia.kz порталының жазуына қарағанда, Сартаев жиналған қаражаттың бір бөлігі мүфтиятқа жіберілетінін, ал қаржыға қатысты сұрақтар қойғанда имам тарапынан балағат сөздер естігенін мәлімдеді.

«Имам WhatsApp тобында бізге жамағаттан ақша жинап, коммуналдық төлемдерді өтеуді тапсырады. Мен бұл қаражатты жинап, Kaspi арқылы төлеймін — барлық түбіртек пен чек бар. Кейін жамағат: “Неге мешіт құрылысына түскен қаражаттан немесе садақадан төлемейсіз?” деп ренжиді. Осы сұрақтарды имамға қойғанымда, ол мені балағаттап, тіпті бейәдеп сөздер қолданды — бұған куәгерлер бар.

Ол өзі 30% садақа мүфтиятқа жіберілетінін айтқан», — деді азаншы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Марат Асановтың 2025 жылғы 6 қазаннан бастап өз еркімен қызметінен кеткенін хабарлады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар