Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақшаны қайда жұмсайсыздар: Депутат онкологиялық қызмет сапасына шүйлікті

12:46, 11 маусым 2024 506

2024 жылғы 10 маусымда өткен комитет отырысында депутат Гүлдара Нұрымова қазақстандықтардың онкологқа кезекті бірнеше ай күтуге мәжбүр екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл жағдай қатерлі ісіктің асқынған түрлерінің санын азайтпайды. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы хабарлайды.

Гүлдара Нұрымова депутаттарға 2023 жылдың сәуір айында қатерлі диагноз қойылған 42 жастағы әйел жүгінгенін айтты.

“Жалғызбасты ана, төрт жасар қызын өзі тәрбиелеп отыр, әкесі мүгедек, барлығын ақылы түрде қабылдауда. Сонда былтыр сіздерге бөлінген миллиардтар қайда кетті, айтыңыздаршы?. Өткен жылдың сәуірінде оған “кеуде рагы” диагнозы қойылды. Ол ПЭТ/КТ, МРТ-ден ақылы түрде өтті, отаға квота ала алмады, оны да ақылы түрде өтті, барлық гистологиялық анализдерді де ақылы түрде тапсырды. “Тамоксифен” дәрісін әлі де ақылы түрде алып отыр. Онколог дәрігерлерге жазылу ол үшін үлкен мәселе болып тұр. Қарапайым науқастар қабылдауға кіре алмаса, онда ақшаларды қайда жұмсап жатсыздар?

МРТ-ға, дәрігер консультациясына кезекке тұруға бес ай күту керек, тірі кезек жоқ. Әрине, асқынған жағдайлар болады… Онкологиялық көмек қолжетімділігі мәселесі әлі де жақсаруды қажет етеді”, – деді ол.

Ол онкологиямен ауыратын көптеген науқастардың уақытында анықталмайтынын атап өтті. Мұны ол ФОМС-тың уақытылы қаржыландыруды бермеуімен байланыстырады. Осыған байланысты ол соңғы үш жылдағы қорды жоғары аудиторлық палатамен тексеруді бастауды ұсынды.

Отырысқа қатысқан онкопациенттердің бірі де сөз сөйледі. Оған диагноз қойылған кезде дәрігерлер 6-11 ай ғана өмір сүретінін айтқан.

“ПЭТ/КТ аппараты бос тұр деген шындық емес. Қазір УДП-ға қоңырау шалыңыз, қашан жазылуға болатынын сұраңыз, сізге “қыркүйек” деп айтады. Қыркүйекте өтсеңіз, нәтижелерін жазып беру үшін бес күн күтесіз, өйткені радиолог мамандар жоқ. Үндістанда таңертең өтсең, кешке нәтиже аласың. Егер мен сол кезде Еуропаға бармасам, қазір алдыңызда тұрар ма едім, белгісіз”, – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар