Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ақшаң тасып бара ма»: Желіде көпшілік арыстан атып алған адамды сынап жатыр

18:01, 22 қыркүйек 2024 479

Видеода ер адам қазақстандықтарды осындай әрекетке шақырады.

Ассалаумағалейкүм, Қазақ елі. Айтқанымдай, 2025 жылдан бастап арыстанға қатысты аңшылық шектеледі. Құлақ салғандар осында келді, біраз арыстан атылды. 2025 жылға дейін әлі уақыттарыңыз бар. Құлақ салғандар атып алды немесе бронь жасап қойды. 2025 жылдан бастап баға ұшады. Сол естеріңізде болсын. Жаңа жылға дейін уақыттарыңыз бар, - дейді ол.

«Мұсылман болған түрің құрысын!»

Оның бұл әрекетін желі қолданушылары қатаң сынға алды.

«Бұл адам ұзаққа бармайды, я ұрпағыңа кесірі тиеді», «Адам баласы хайуаннан қорқынышты», «Өзімен өзі жүрген аңды ақымақтар ғана атады», «Понт қой өзінше, ол жануардың да киесі бар ғой», «Бұл да психикалық ауру шығар. Мейірімі бар, адамгершілігі бар сау адам даже жердегі құмысқаны да өлтіре алмайды зияны тимесе. Бұлар сол маньяктардың бергісі болмаса арғысы өлтіргеннен рахат пен ляззат алатын жауыздар! Түбінде карма айналып келіп жеті ұрпағына тиеді! Алла жазасын өтемей бұл дүниеден өтпейді. Санасыздар», «Ассалаумағалейкум деп қояды. Осылай мұсылман болған түрің құрысын!!! Ақшаң тасып бара ма, Палестинаға жібер, қаншама млндаған адамдар қаңғып жүр», - деп жазды желі қолданушылары.

БЕЛГІСІЗ БИЗНЕСМЕН

Видеодағы аңшы киімін киіп, қару асынған ер адам кім екенін білгісіз. Кепкасы мен қара көзілдірігінен түрі де көрінбейді. Арыстандарды атуға шектеу қойылады деп отырғанына қарағанда Оңтүстік Африка Республикасында жүрген қазақтың бір байына ұқсайды. Өйткені ОАР арыстандардың санының азайып кетуіне алаңдаушылық білдіріп, оларды коммерциялық түрде атуға шектеу қойғалы жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар