Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

АҚШ Сириядан әскерін толық шығарды

09:24, 17 сәуір 2026

Сирия аумағында орналасқан АҚШ әскерлері түгелдей шығарылды. Елдің сыртқы істер министрлігінің X желісіндегі мәлімдемесіне сәйкес, бұған дейін америкалық әскерлер болған Сириядағы әскери нысандар ел үкіметіне толық берілді, деп жазады Alash.KZ.

АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы бұл ақпаратты растады. Америкалық әскери колонна солтүстік-шығыстағы Касрак әскери базасынан техникасын алып шықты.

АҚШ-тың Сириядағы әскери миссиясы 2014 жылдың қыркүйегінде басталған болатын. Биылғы ақпанда Вашингтонның әскери операциясын аяқтап, ел аумағынан 1 мың сарбазын шығаратыны белгілі болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар