Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«АҚШ-қа тиесілі мұнай, жерді қайтарғанша» - Трамп Венесуэлаға қысым туралы ашық мәлімдеме жасады (ФОТО)

13:27, 17 желтоқсан 2025

АҚШ бұрын-соңды қолданбаған көлемдегі флотын пайдаланып, Венесуэлаға қысымды күшейтті. Президент Дональд Трамп Мадуро режимін заңсыз әрі террористік деп атады және елдегі АҚШ активтерін қайтармаған жағдайда блокаданы күшейтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Дональд Трамп Венесуэла елін әлемдегі ең қуатты әрі саны басым флот арқылы қоршауға алғанын хабарлады.

Ол бұл флоттың қуаты мен көлемін арттыра бермек. «Венесуэла билігі АҚШ-қа тиесілі мұнай, жер мен өзге активтерді қайтарғанша қысым арта береді» дейді Трамп. Ол Мадуро режимін заңсыз әрі террорлық режим деп мәлімдеді. АҚШ-тың активтерін ұрлағаны үшін Мадуроның жүйесін қылмыстық жүйе деп атауда. Мадуро билігі мұнайдан түскен қаржыны есірткіні өндіруге қолданып жатыр дейді ол.

Трамп бүгіннен бастап Венесуэланың санкцияға іліккен танкерлерін құрсауға алатынын (блокада) айтты. Венесуэлаға кіретін де, Венесуэладан шығатын да танкерлер енді тоқтатылуы мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар