Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

АҚШ пен Израиль 3D суретке соққы жасап, Иранға күлкі болды (ВИДЕО)

13:11, 06 наурыз 2026

Әскери сарапшылар нысанаға алынған объектілердің бір бөлігі шын мәнінде ұшақтар емес, жерге 3D форматында салынған бейнелер болуы мүмкін екенін айтты, деп жазады Alash.KZ. 

Бұл суреттер асфальтқа арнайы бояумен салынған және әуеден қарағанда үш өлшемді ұшақтар сияқты көрінеді. Соның салдарынан олар барлау құралдары мен әуе соққыларын жаңылыстыруы ықтимал.

Мұндай тәсіл қарсы тарапты қымбат оқ-дәрілерді жалған нысандарға жұмсауға мәжбүрлеу үшін қолданылады. Сондай-ақ әуе шабуылдарының нәтижесін бағалау кезінде де шатастыруы мүмкін.

Ресми ақпарат әлі жарияланбады. Суреттер ЖИ арқылы жасалған болуы мүмкін деген де ақпар бар. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар