Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

АҚШ Иранмен соғысып оқ-дәрі қорын сарқып алды

15:26, 13 наурыз 2026
АҚШ Иранмен қақтығыс басталғалы бері бірнеше жылға жетуі тиіс маңызды оқ-дәрі қорын айтарлықтай сарқып алған. Әсіресе алыс қашықтыққа ұшатын Tomahawk қанатты зымырандары туралы сөз болып отыр. Бұл туралы дереккөздерге сүйенген Financial Times жазды, деп хабарлайды Alash.KZ.

Басылымның мәліметінше, бұл жағдайдың салдарын АҚШ Әскери-теңіз күштері алдағы бірнеше жыл бойы сезінуі мүмкін.

"Әскери-теңіз флоты мұның салдарын бірнеше жыл бойы көретін болады", – деді басылымға дереккөздердің бірі.

Алдағы уақытта Пентагон Ақ үй мен Конгреске әскери салаға қосымша қаржы бөлу туралы өтініш жолдамақ. Әңгіме шамамен 50 млрд долларға дейінгі қосымша қаржы туралы болып отыр.

Осы аптада Пентагон өкілдері сенаторларға соғыстың алғашқы алты күнінде АҚШ шамамен 11 млрд доллар жұмсағанын хабарлаған. Бұл қаражаттың басым бөлігі оқ-дәріге кеткен.

Financial Times дереккөзі алдағы уақытта ведомство Конгреске жұмсалған оқ-дәрілер туралы толық есеп беретінін айтты.

Ал Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының дерегіне сәйкес, соғыстың алғашқы 100 сағатында АҚШ 168 Tomahawk зымыранын қолданған. Басылыммен сөйлескен конгресмендердің бірі мұны «өте үлкен көлем» деп бағалап, мұндай қорды қалпына келтіруге бірнеше жыл қажет болатынын атап өткен.

Айта кетейік, бір Tomahawk зымыранының құны шамамен 3,6 млн доллар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар