Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровқа қатты жекіді, деп хабарлайды Alash.kz.
Байбазаровқа бюджетті реттеу туралы бірнеше сұрақ қойылды.
«Биыл Үкімет Парламенттің қатысуынсыз бюджетке тоғыз түзету енгізді. Парламенттің қатысуынсыз бюджетке түзету енгізу Президент Тоқаевтың қоғамдық бақылау концепциясына сәйкес келмейді. Депутат жоқ, өздеріңіз қожа, өздеріңіз би, рахат деген сияқты. Сол өзгерістер аясында бір бағдарламаға бірнеше рет өзгеріс енгізілген. Сол өзгерістерде биыл қандай шығындар қысқарды, олардың қаншасы инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты? Ең негізгісі: осы қысқарған бағдарламаларды ертең депутаттарға қайтадан алып келіп, бюджетке кіргіз деп өтініш жасамайсыздар ма?» — деді депутат.
Қошановқа министр Байбазаровтың жауабы ұнамады.
«Бюджетке он рет өзгерту жасадық деп ерлік жасағандай айтып отырсыз. Ай сайын бюджетке өзгеріс енгізіліп отырған. Яғни бюджеттік тәртіп ақсап жатыр деген сөз. Солай ғой?! Депутаттың сұрағы дұрыс. Үкімет қаперіне алуы керек», — деді Қошанов.