Қанатбек Жайсанбаев жаңа қызметке тағайындалды, деп жазады Alash.kz.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанатбек Бақытұлы Жайсанбаев Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды»,- делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қанатбек Жайсанбаев Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.