Тағы үш адам Степногорск қаласындағы ауруханаға жеткізілді, деп жазады Alash.KZ.
«1 қарашаға қараған түні Степногорск – Заводской жолында «Audi B4» автокөлігі мен үш бос цистернасы бар локомотив соқтығысқан», - деп хабарлады Ақмола облысы полициясы.
Автокөлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, екі жолаушы ауруханаға жеткізілгеннен кейін қайтыс болды. Жол апатына байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.