Қоғамда үлкен резонанс тудырған атыраулық отбасының жоғалуына қатысты істе Ақбаян Мұқанғалиеваның қылмысқа қатысы жоқтығы анықталып, оған қатысты қозғалған қылмыстық іс ресми түрде тоқтатылды, деп хабарлайды Alash.kz Курсив Медиаға сілтеме жасап.
Күдікті ретінде ұсталған Сәрсемәлиев Алматы қаласына жеткізілген бойда жасаған қылмысын бірден мойындаған, ал Ақбаян Мұқанғалиева тергеу амалдары кезінде сұрақтарға жауап бере алмаған. Құзырлы органдар оны елге жеткізгеннен кейін арнайы медициналық ұйымға орналастыру туралы шешім қабылдады.
Тергеуші Темірхан Қажымұратовтың мәліметінше, азаматшаны бастапқыда күдікті ретінде тану процестік қажеттіліктен туындаған. Ол өз сөзінде бұл шешімнің себебін былай деп түсіндірді:
«Депортациямен жеткізілген срң, толыққанды сараптама қорытындысына көз жеткізбейінше, медициналық ұйымға шешім қабылданды. Сол себепті, күдікті ретінде танылды. Күдікті деп танудың басты мақсаты – қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтау. Сөйлесу барысында психикалық ауытқушылығы бар екені байқалды. Тергеу әрекетін өткізцге мүмкіндік болмады. Сұрақтарға толыққанды жауап бере алмады. Жауап берсе де, ауытқушылықпен жауап берді. Сол себепті Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды».