Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ақбаян ауруханаға түсіп, комада жатқан": Атырауда жоғалған отбасы жайлы жаңа дерек шықты

13:46, 15 ақпан 2026

Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасыға қатысты жаңа деректер жарияланды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Елді алаңдатқан оқиға жайлы арнайы зерттеу жүргізген Руслан Өтепбай марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиевпен сұхбаттасты.

"2025 жылдың қысқы уақытында Наурыз көбінесе Атырауда болды. Қарындасы Ақбаянға қарайласып жүрді. Ақбаян жүктілік кезінде қолқасына салқын тиіп, ауруханаға түсіп қалған. Содан кейін комада, реанимацияда жатып, денсаулығына ауыр болып, әлсіреп, ақыл-есінен жоғалатындай жағдайға жетіп қалды. Соны қарайласып, жұмысқа да шықпай, Ақбаянға қарайласып жүрді. Күйеуі Сұлтан жұмыс істейтін", – деді Шалқар Мұқанғалиев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар