Танымал журналист Нұрсейіт Жылқышыбай желідегі парақшасында жақсы жаңалықты жария етті, деп жазады Alash.kz.
Құдайға шүкір, дүниеге Кенесарылар келіп жатыр!
Бүгін Алматыда кішкентай Кенесары перзентханадан шықты. Жаратқан жар болсын!
Біз уәдемізге сай сәбиге 400 мың теңге жөргепұл табыстадық.
Ұрпағымыздың бойында арыстан жүректі ханымыздың рухы, елдік пен ерліктің қасиеті дарысын!
Бүлдіршінімізге ақ тілектеріңізді тілеп отырыңыздар, ағайын!
Еске салсақ, журналист бұған дейін ұлына Кенесары есімін бергендерге жөргекпұл тағайындайтынын айтқан еді.