Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ақ келінімізге сырға салуға келдік”: Жазира Байырбекова отбасындағы қуанышты жаңалығын жария етті

15:45, 23 наурыз 2026

Танымал әнші Жазира Байырбекова отбасындағы қуанышты жаңалығын жария етті, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесі қазақтың салт-дәстүріне сай болашақ келініне сырға салу рәсімі өткенін хабарлады.

«Аллаға шүкір, бүгін – жүрегімізді қуанышқа бөлеген ерекше бақытты күніміз. Қазақтың салт-дәстүрімен ұлымызға ақ құсын қондыруға ниет етіп, құдалар болып, ақ келінімізге сырға салуға келдік. Бұл – екі әулеттің табысқан, берекелі бастамасының белгісі. Алла тағала осы қуанышымызды баянды етіп, жас жұбайлардың отауына махаббат пен береке нәсіп етсін. Тіл-көзден сақтасын», – деп жазды әнші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар